50 миллионға салынған асфальт, көктемдегі қармен бірге еріп кеткен (видео)

0
218

Алматы облысында құрылысына 50 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген жол көктемгі қармен бірге еріп, жарамсыз күйге түскен. Бұб туралы «Информбюрода» айтылды.

Жол Алматы облысының Ескелді ауданына қарасты Матай Байысов ауылында былтыр ғана салынған. Қазір шұрық тесікке толы жолда тіпті аяқ алып жүру қиын. Ал жолдың құрылысына 49 миллион 436 мың теңге бөлінген. Ал әкімдіктегілер болса жолды жасаған «Жетісу жол құрылыс» мердігер компаниясы. Сапасына екі жыл жауапты, өздері жасайды деп отыр.

Былтыр жазда бұл асфальт көпшілікке «кілем асфальт» деп танылған тағы бір жол бар. Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданына қарасты Баянды ауылындағы бұл жол бойынша бөлім басшысы пара алды деп күдікке ілінді.

«Мұнайлы аудандық ТҮКШ бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бір миллион теңге пара алды деген күдікке ілініп, яғни заңды тұлғалардан. Қылмыстық іс тергеліп сотқа жолданды. ҚР ҚК 366 бабының екінші бөлігі бойынша сакциясы 3-7 жылға дейін қарастырылған» дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облыстық Департаментінің аға тергеушісі ӘЛИ АБДУЛОВ.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету