50 блогер 2,5 миллиард теңге табыс тапқанын растап, салық төлеген

Қазақстанда блогерлерге табысын декларациялауға қосымша уақыт берілді. Мұны қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Бүгінде 50-ден аса блогер 2,5 миллиард теңге табысын көрсетті. Олар бойынша салық төленді. Қалғандарына қосымша 30 күн уақыт берілді. Наурыздың соңына дейін тексеріп, ақпарат ұсынамыз», – деді вице-министр.
Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік кірістер комитеті блогерлер 53,3 миллиард теңге табысын жасырып қалғанын айтып, оларға ескерту жолдағанын мәлімдеген еді. Блогерлер 2022-2023 жылдардағы табысы үшін салық төлемегені жайлы хабарлама алған. Блогерлердің сөзіне сенсек, тізімге 8 мыңға жуық адам қосылған. Ал көрсетілген сома бірнеше миллионнан миллиард теңгеге дейін жетеді.