50 автокөлік соғылып, 8 адам қаза тапты

0
50 автокөлік соғылып, 8 адам қаза тапты


Үндістанда тұманның кесірінен жол бойында 50 көлік соғылысып, нәтижесінде 8 адам көз жұмды.

Бұл туралы NDTV телеарнасы хабарлады. Телеарнаның мәліметінше, қайғылы жағдай Харьяна штатына қарасты Джаджар қаласы маңындағы Рохтак-Ревари тасжолы бойында болған.

Соқтығысқан көліктер арасында мектеп оқушыларының автобусы да болған. Мерт болғандардан бөлек тағы 10 адам өте ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Еске салайық, Алматыда да бірнеше көліктің соқтығысуы салдарынан жүргізушілердің бірі қайтыс болған.

Дереккөз: Baq.kz