50 000 теңге мөлшеріндегі сыйақы: Министрлік түсініктеме берді
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 50 000 теңге мөлшеріндегі сыйақымен сауалнама жүргізетіні туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Еңбек министрлігінің айтуынша, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы азаматтарға ешқандай сауалнама жүргізілмейді.
Азаматтарға алаяқтар мұндай хабарламаларды шоттар мен банктік шоттарға қол жеткізу үшін пайдалануы мүмкін екенін ескертеміз дейді олар.
«Алаяқтықтың құрбаны болмас үшін ешбір жағдайда күмәнді сілтемелерге өтпеуіңізді және онда өзіңіздің жеке деректеріңізді қалдырмауыңызды сұраймыз. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз» ,- делінген хабарламада.