5 жасар баланы қақты: Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

0

Алматыда бес жасар баланы шетелдік көлік қақты.

Кадрлардан отбасымен бірге тротуарда тұрған баланың жолға жүгіріп шығып, бір сәтте Subaru көлігінің астына түскені көрінеді. Жүргізуші тежеуге үлгермеді, баланы бірнеше метр алға лақтырып жіберді.

Қазір бала педиатрлық травматологияда, дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде.

(Видеоны жүрегі әлсіз адамдар көрмесін)