5 қазаннан бастап карантин күшейеді: Жаңа шектеулер тізімі
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда енгізілетін жаңа шектеулер туралы мәлімдеді.
Шектеулер тізімі:
— Басқа елдермен әуе қатынасын қайта ашпау;
— Әуе қатынасы жаңартылған елдермен рейстер санын көбейтпеу;
— Түркияға рейстер санын азайту;
— Екінші санаттағы елдерден келетін адамдар үшін термометрия, сауалнама, мерзімі үш тәуліктен аспайтын коронавирусқа тексерілді деген анықтаманың болуы (анықтама болмаған жағдайда келгендер COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін стационарда екі тәулікке дейін оқшауланады).