5 қателік: Адамдардың көбі өлер алдында не үшін өкінеді?

0

Бұл тізім өмірін өзгертуге әлі де мүмкіндігі бар жандарға арналады.

Австралиялық медбике Бронни Уэйр өлер сәті жақындаған науқастарға 12 апта бойы қамқорлық көрсетіп келді. Ол науқастар айтқан адамдар жиі кездесетін қателіктерді жазып жүрді.

Өзі қалаған өмірді сүруге батылдығы жетпейді

Қазіргі кезде көптеген адамдарға басқалардың үмітін ақтап, назарға іліну ұнайды. Ондай адамдар ылғи қоғамның өзін қолдағанын қалап тұрады.

Нәтижесінде, мұндай адамдар ата-аналарының, мұғалімдерінің, таныстарының үмітін ақтайды. Бірақ өздерін үнемі қысымда жүргендей және бақытсыз сезінеді.

Не істеу керек?

Өзіңізге адал болыңыз. Егер сіз өзіңіз қалаған өмірді сүргіңіз келсе, оған жету жолында сын мен келіспеушілікке міндетті түрде кезігесіз. Сізге айтылған кеңестер мен басқа адамдардың пікірлерін тыңдаңыз. Егер олар сіздің ойыңызбен сәйкес келмесе, оларға назар аудармаңыз.

Өзгелердің өз пікірін айтуға құқығы бар сияқты, сіздің де оларды елемеуге құқығыңыз бар. Есіңізде болсын, сіз біреуге ұнау үшін өмір сүріп жүрген жоқсыз. Сондықтан адамдармен қарым-қатынасыңызды тоқтатудан қорықпаңыз.

Тым көп жұмыс істеу

Қазіргі қоғамда жұмысқа баспен кіріп кету үйреншікті жағдай. Бұрынғы кезбен салыстырғанда қазір адамдарда бос уақыт жоқтың қасы. Иә, ХХ ғасырдың басында зауыт жұмысшыларының жағдайы бізге қарағанда қиын болды. Бірақ олар өздерінде таңдау құқығы болмағандықтан солай жасады, ал біз таңдай аламыз.

Ата-аналар балаларын сирек көріп, олардың жауапкершлігін ата-әже мен бала күтушілеріне жүктеп жүр. Адамдардың қарым-қатынас жасауға уақыттары болмай кетті. Бәрі мансапты бірінші орынға қояды.

Иә, жұмыс жасағанның арқасында күнкөріс жеңілдейді, бірақ кейбір адамдар жұмыс жасауды басты мақсатына айналдырып алған.

Не істеу керек?

Өзіңіздің басым қырларыңызды анықтаңыз. Егер сіздің қарым-қатынас жасауға уақытыңыз болмаса, демек қарым-қатынас сіз үшін бірінші кезекте емес.

Әр адамның тәулігіне 24 сағат уақыты бар. Одан артық та, кем де емес. Билл Гейтс, Уоррен Баффет, Серена Уильямс, Опра Уинфри сияқты танымал жұлдыздарда да осы 24 сағат қана. Біреу күнін тиімді өткізеді, ал біреу ештеңеге үлгермейтініне шағымданумен уақытын құртады.

Уақытыңызды немен айналысуға арнағыңыз келетіні туралы ойланып, саналы таңдау жасаңыз. Өмірде нені ерекше бағалайсыз? Өз уақытыңызды басымдықтарыңызға сай жұмсайсыз ба? Егер сіз соңғы сұраққа «жоқ» деп жауап берсеңіз, сіздің тілегіңіз бен әрекетіңіз сәйкес келмейді. Мұны өзгертіңіз.

Сезімін жеткізе алмау

Сіз сезіміңізді ашық айта алмағаныңыз үшін жақсы көрген адамыңызды ұмытуға тырысып көрдіңіз бе? Егер жауабыңыз «иә» болса, сіз жалғыз емессіз. Әлемде сүйкімді болса да, жалғыз басты адамдар көп. Олар білімді, әдемі, қызықты болғанымен, сезімін білдіруге келгенде тұйық болады. Олар жаңа адамдармен танысу мүмкіндігін жіберіп алып жатады.

Сонымен қатар жанының тыныштығы үшін қарым-қатынастан да бас тартады. Миллион түрлі сылтау тауып, өзінің дегенін істейді.

Не істеу керек?

Жіберіп алған мүмкіндіктерге емес, жасалған нәрсеге өкінген дұрыс. Мүмкін бұған өкінбейтін де шығарсыз. Ашылыңыз.

Біріншіден, өзіңізді жақсы сезінесіз. Екіншіден, сезіміңіздің жауапты, жауапсызын білесіз. Сіздің бетіңізді қайтарса да, бұған көніп, сол адамды мәңгілікке ұмытып кете аласыз. Өмір бойы «егер былай болғанда…» деп өкінумен уақыт өткізбейсіз.

Достармен байланыс үзу

Біздің ойымызша, достық – мәңгілік нәрсе. Оған жеткілікті назар аудармасақ та, ол бәрібір сақталатындай көрінеді. Сондықтан біз жұмыс үшін достармен кездесулерге бармай қаламыз немесе кейбір кездесулерді сылтауратып отырыстардан бас тартып жатамыз. Содан кейін ғана достарымызбен байланыс үзгенімізге өкінеміз.

Не істеу керек?

Достарыңызбен жиналуға шақыртуды күтпей-ақ, бірінші қадамды сіз жасаңыз. Мүмкін олар сіздің қоңырауыңызды күтіп отырған шығар.

Егер сіздің әрекетіңіз нәтижесіз болса, мұңаймаңыз. Сіз достықтықты сақтап қалу үшін қолыңыздан келгенді жасадыңыз.

Өзінің бақытты болуына жол бермеу

Сіз бақытсызсыз ба? Өміріңіздегі қиындықтарға үнемі шағымданасыз ба? Қолыңызда бардан ләззат алудың орнына жоқ нәрселер мен сәтсіз мүмкіндіктер туралы үнемі ойлай бересіз бе?

Адамдардың көбі қалағанына жете алмағандықтан өздерін бақытсыз сезінеді. Сонымен қатар мұндай адамдар өздеріне ыңғайлы ортада өмір сүреді. Оларда тұрақты жұмыс, орташа кіріс болады.

Бақытты болу үшін бай болу маңызды емес. Бұл адамның бақытты болу деген пікіріне байланысты болады.

Не істеу керек?

Бақытты болу әркімнің өз таңдауы екенін түсініңіз. Көптеген адамдар бақытты болу кейбір факторларға байланысты деп ойлайды. Олар өздерінің қалағаны болған сайын, бақытты бола береміз деген пікірде.

Алайда бақыт адамға белгілі бір жетістіктерге байланысты келмейді. Бақыт дегеніміз – сіздің дәл қазір сезініп тұрған күйіңіз. Бақытқа апарар төте жол жоқ.