5 күн дәрігерге жүгінбеді: БҚО-да коронавирустан көз жұмған әйел бірден жансақтау бөліміне түскен — Қазақстан жаңалықтары

0

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясынан көз жұмған 79 жастағы келіншектің біраз уақыт бойы дәрігер көмегіне жүгінбегені белігіл болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қайыповтың айтуынша аймақта коронавирустық инфекциясынан көз жұмған үшінші адам тіркелген. Ол БҚО-ның 79 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қайыповтың сөзінше науқас 5 күнге жуық уақыт бойы үйінде өз бетімен емделіп, дәрігерге жүгінбеген. Соның салдарынан бірден жансақтау бөліміне нашар күйде түседі. Ауруды асқындырып алғандықтан әйелді құтқару мүмкін болмапты.

«22 мамырда әйел ауырып қалып, үйінде болады, медициналық көмекке жүгінбеді. 27 мамырда ол өте ауыр жағдайда жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Осы уақыт аралығында ол реанимацияда болды. Бірақ, өкінішке орай, біздің барлық күш-жігерімізге қарамастан, ол 7 маусымда қайтыс болды. Өлімнен кейінгі диагноз: ауыр коронавирус инфекциясы, екі жақты пневмония, тыныс алу жеткіліксіздігі, гипертензия сынды қатар жүретін ауруы бар. Оның отбасы мүшелерінің арасында да ауырғандар бар, олар қазір емделуде», — деді Болатбек Қайыпов.

Адамдардың көп бөлігі үйден емделіп шығамыз деп ауруларын асқындыруда, сол себепті вирус белгілері байқалса, дәрігерге жүгініңіз дейді ол.

«Пациенттердің көпшілігі бастапқыда медициналық көмекке жүгінбейді, олар үйде, ешкімді білмейді деп күтеді. Нәтижесінде біз оларға көмектесуге үлгермейміз. Сондықтан, егер сізде вирустың алғашқы белгілері болса, әлсіздік, жөтел болса, дереу дәрігерге барыңыз. Вирус жойылған жоқ, бар», — деп түйіндеді Болатбек Қайыпов.

stan.kz