5 адамның өмірін бір донор құтқарды – Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР Ұлттық кардиохирургиялық орталығының басқарма төрағасы Юрий Пя 5 адамның өмірін құтқарған донор туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«30 жастағы ер адамның ми тамырлары жарылып, Павлодар қаласының №1 ауруханасына түскен. Салдарынан миға өте көп қан құйылған және оның жұмысы нашарлаған. Марқұм жоғары қан қысымымен ауырып, гипертониялық қысымы болған. Шамасы, науқас ауруды ескермей жүре берген», – деді Юрий Пя кардиохирургиялық орталықта өткен баспасөз мәслихатында.

Дәрігер 2019 жылдың тамызынан бері қайтыс болған адамның органдарынан трансплантация жасалмағанын айтты және марқұмның мүшелерін беруге келісім берген туыстарына 5 адамның өмірін құтқарып қалғандары үшін алғыс айтты.

«Біздің орталықта марқұмның жүрегі мен өкпесі екі науқасқа салынды. Жүрек 35 жастағы ер адамға трансплантацияланса, ал өкпе – 41 жастар әйелдің өмірін сақтап қалды. Сонымен қатар, екі бүйрек тағы екі науқасқа тасымалданды. Ал, бауыр Алматыдағы қаласының тұрғынына берілді. Осылайша, карантинге қарамастан, 5 адамға сәтті ота жасалды», – деді Юрий Пя.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз