5 адам жарақат алған: Алматыда көлік жерасты жолына бір-ақ түсіп кетті

0

Алматыдағы Сәтбаев көшесінде жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол-көлік оқиғасы болды. Осының салдарынан көлік жерасты өткеліне түсіп кетті, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

«14 қараша күні сағат 12:51 кезінде Алматы қаласының Бостандық ауданында Mitsubishi Pajero жүргізушісі 1975 жылы туған Б. есімді азамат Сәтпаев көшесімен батыс бағытта келе жатып, басқаруды жоғалтып, бетон жиекке соғылды. Содан кейін ол қозғалысын жалғастыра отырып, аялдама кешенін соқты, содан кейін аударылып, жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне құлап кетті», — деді полицияда.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Новости Казахстана (@42500_tenge)

Көлікте отырған жүргізуші мен 1980 жылы туған әйел, 2010, 2014 және 2015 жылы туған үш бала жарақат алды. Дәл қазір апаттың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.