5,2 млрд теңге: Шымкент әуежайы сатылады

0

Шымкент әуежайы аукционға қойылды. Бастапқы бағасы — 5,2 млрд теңге. Әуежайдың қазіргі басшылығы қандай шарттар қойды.

Ақпаратқа сәйкес, сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру үшін тендер жарияланды. Сауданың басталуы 8 қазанға жоспарланған.

Болашақ иесі үшін бірқатар шарттар белгіленеді.

— сенімгерлік басқару кезеңінде объектінің профилін сақтау;

— сенімгерлік басқару кезеңіне кем дегенде 6,0 млрд. теңге инвестиция;

— әуежайдан маршруттық желіні дамыту есебінен объект ұсынатын жұмыстар мен қызметтердің көлемінің ұлғаюы және т.б.

Нысанды сату Қазақстандағы бағалау қызметі туралы заңнамаға сәйкес сенімгерлік басқару шартын жасасу кезінде анықталған нарықтық құны бойынша сату-сатып алу шартын жасасу арқылы жүзеге асырылады.

Шымкент әуежайы халықаралық болып табылады, ол барлық әуе кемелерін шектеусіз қабылдайды.