«5-10-20» тұрғын үй бағдарламасы: Қатысушыларға қойылатын талаптар жарияланды — Қазақстан жаңалықтары

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылған «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасына қатысты жаңа талаптар белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет аталған жобаға 390 млрд теңге бөлу туралы ұсынысты мақұлдапды.

Осы тапсырма шеңберінде ағымдағы жылдың 9 сәуірінде ҚР Ұлттық Банкі «Қазақстандық тұрақтылық қоры» АҚ еншілес ұйымы арқылы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың жалпы сомасы 180 млрд. теңгеге (жылдық 4%-бен, 2 жыл мерзімге дейін шарттары бойынша) облигацияларын сатып алды.

Жобаларды жедел іске асыру үшін әкімдіктерге қарыз лимиттерінің келісімісіз облигациялар шығару құқығын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды өткізудің арнайы режимін берді.

Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар «Шаңырақ» пилоттық жобасы шеңберінде қолжетімді кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін облигацияларды шығарып, «Бәйтерек девелопмент» АҚ 180 млрд. теңгеге сомасына сатып алды (100%).

Пилоттық жобаны іске асыру қорытындысы бойынша 872 мың шаршы метр кредиттік тұрғын үй немесе 15 214 пәтер салу жоспарланып отыр (138 жобаны іске асыру басталды).

Азаматтардың төлемқабілеттілік сұранысын қолдау және «Шаңырақ» пилоттық жобасына қатысушыларға кредит беру үшін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған облигациялық қарыз шеңберінде Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкке 210 млрд. теңге бөледі.

«Шаңырақ» пилоттық жобасының қатысушылары Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар (бұдан әрі — ЖАО-да кезекте тұрған адамдар) бола алады.

Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

2) отбасының әрбір мүшесіне соңғы 6 (алты) ай үшін еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген шамасын қоса алғанда, табыстың болуы;

3) ЖАО Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін және тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюды растауы;

4) төлем қабілеттілігін растау.

ЖАО-да кезекте тұрған адамдардың тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қойылғанын және ҚТҚЖБ тиісті мәртебесінің болуын растауды Кезекте тұрған адамдарды есепке алудың бірыңғай ұлттық ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы айқындауға құқылы.

«Шаңырақ» пилоттық жобасын іске асыру кезеңі: 2020-2022 жылдар.

Кредит беру шарттары:

— қарыздың мақсаты–тұрғын үйді бастапқы нарықтансатып алу (оның ішінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымының кепілдігімен қамтамасыз етілген тұрғын үй құрылысы объектілерінде, ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйлері);

— номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5 % ;

— кредит беру мерзімі 20 жылға дейін;

ҚТҚЖБ шотында бастапқы жарнаның болуы:

алдын ала тұрғын үй заемдары бойынша қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде;

 «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңында айқындалған мөлшерде аралық тұрғын үй заемдары бойынша.

— кепілді қамтамасыз ету – ҚТҚЖБ талаптарына сәйкес келетін сатып алынатын тұрғын үй немесе өзге мүлік;

Қарыздың ең жоғары сомасы:

жеке құрылыс салушылардың объектілері бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен олардың қала маңы аймақтары үшін 18 млн. теңгеден артық емес, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан қалалары мен Қарағанды облысы үшін 15 млн. теңгеден артық емес, қалған өңірлер үшін 12 млн. теңгеден артық емес;

ЖАО кредиттік тұрғын үй бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасының 5.1.2-кіші бөлімде көзделген 1 ш.м құнның шекті мөлшерімен анықталады.

ЖАО ҚТҚЖБ-ға объектіні пайдалануға берудің жоспарланған күніне дейін кемінде 3 ай бұрын іске асырылатын объект туралы ақпарат береді.

ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйін ҚТҚЖБ арқылы балдық жүйе мен теңгерімсіз жүйені қолдана отырып кезекте тұрған адамдарға сату және бөлу тәртібі, шарттары «Нұрлы жер» бағдарламасына, ЖАО мен ҚТҚЖБ арасындағы келісімге және ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарына сәйкес айқындалатын болады.

Қабылданған шаралар мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және кәсіпкерлік белсенділікті және шамамен 15 мың жұмыс орнын құруды қамтамасыз ете отырып, экономиканың дамуына оң әсер етеді.

Барлық қаражат қайтарымды болып табылады.

Осы тетікті енгізу 18 мыңға жуық азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

stan.kz