47 жастағы мектеп директоры білім мекемесінің әжетханасында асылып өлді
Өзбекстанның Қашқадария облысына қарасты Китаб ауданындағы мектептердің бірінің директоры білім мекемесінің әжетханасында асылып өлді, деп хабарлайды centralasian.org.
Хабарларға қарағанда, мектеп директоры өз-өзіне қол жұмсаған. Қашқадария облыстық прокуратурасының мәліметі бойынша, директор үш хат қалдырған.
СОЛАРДЫҢ БІРІНДЕ ОЛ ӘРІПТЕС ҰСТАЗДАРЫНА ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАСАМАУҒА КЕҢЕС БЕРГЕН.
Марқұмның туыстары директор жүрек ауруынан қайтыс болды деп хабарлап, сот-медициналық сараптама өткізбестен жерлеген.
Тергеушілер аудандық білім, ішкі істер бөлімдерін тексеріп жатыр.
mediaworld.kz