450 мыңға жуық қазақстандық 42500 теңгелік жәрдемақыға өтініш берген — Қазақстан жаңалықтары

0

Төтенше жағдай кезінде 450 мың қазақстандық жәрдемақы алуға өтініші білдірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

теңге

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлім еттті. 

«450 мың қазақстандық 42500 теңгеге өтініш білдірді. Олардың 76 мыңы өтініштері қанағаттандырылғаны туралы SMS хабарлама алды», — деді министр 

Айтуынша, қазіргі таңда 60 мың қазақстандық белгіленген ақшаға қол жеткізіп үлгеріпті. 


Еңбек министрі 42500 теңгелік жәрдемақыны кімдер алатынын түсіндірді

Бұған дейін министр бір миллионға жуық еліміздің азаматы жәрдемақы алады деп айтқан болатын. 

Десек те келіп түскеннен өтініштердің көптігінен құрастырылған еңбек министрлігінің сайты бұғатталып қалған. 

Министр бұл жағдай бір түннің ішінде түзетілгенін алға тартты. 

«Бір уақытта порталда 15 миллион өтініш келіп түскен. Осының салдарынан сайттың жұмысы баяулап қалды. Осы мәселені болдырмас үшін біз сыртқы арналарды өшірдік», — дейді Жұмғалиев.

Сондай-ақ шенеунік сайтқа деген кибершабуалдардың болғандығын айтып кетті. Алайда министрліктің мамандары бұл жайтты да оңтайлы жолмен шешіпті. 


42500 теңгелік төлемге арнайы сайтта өтініш беру алгоритмі жарияланды

 

stan.kz