«450 миллион»: Алматының топ-5 ең қымбат пәтерлері қандай?

0

Алып шаһарларда жылжымайтын мүлік нарығы тұтынушыға сан алуан таңдау ұсынады. Редакциямыз Алматы қаласының жылжымайтын мүлік нарығына талдау жасады. krisha.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ назарларыңызға Алматы қаласының ең қымбат екі бөлмелі пәтер бестігін ұсынады.

Алматы қаласында ең қымбат екі бөлмелі пәтерлер Бостандық және Медеу аудандарында сатылып жатыр.

Бірінші орынға ие болған пәтер құны 450 миллион теңгені құрайды. Ол Бостандық ауданында, әл-Фараби көшесіндегі Esentai Apartments тұрғын үй кешенінде орналасқан.

krisha.kz

Фото:krisha.kz

krisha.kz

Фото:krisha.kz

krisha.kz

Фото:krisha.kz

Екінші орынға, Медеу ауданындағы, Самал-2 ықшам ауданындағы пәтер орныққан. Оның құны 135 600 миллионтеңге. Ол 2004 жылы тұғызылған Фантазия кешенінің 12-ші қабатында орналасқан.

Үшінші орында Бостандық ауданында орналасқан. Құны 133 миллион теңге.

Төртінші орынды еншілеген пәтер 124 миллион теңгеге бағаланған. Ол Медеу ауданының Қажымұқан көшесіндегі Рапсодия тұрғын үй кешенінде орналасқан.

Бесінші орындағы пәтер де Медеу ауданындағы Горный Гигант ықшам ауданында орналасқан. Оның құны 124 миллион теңге.