45 жастағы қазақ әйел: Ішіме жын кіріп бастығыма ес-түссіз ғашық қылды, одан бала тудым

0

Гүлнұр Садыр есімді келіншек жынның кесірінен ес-түсінен айырылған. Жындар әлемі түнде ұйқыдан айырып, отбасылы азаматқа ғашық етті дейді. Бүгінде бес уақыт намазға жығылған әйел баласының әкесін іздейді.

Гүлнұр Садыр Қытай халық республикасында өмірге келген. Қазақстанға 2000 жылы келіп, нәпақа табуға тырысады. Алайда басшысына, отбасылы азаматқа ессіз ғашық болып, одан бала босанады. Мұның бәрі өз еркімен емес, жынның иектеуімен деп түсіндірді. Бұл туралы «Кел, татуласайық» бағдарламасында айтылды.

«2000 жылы Қазақстанға келдім. Бала күнім Қытайда өтті. Ата-анам да, отбасым да діннен хабарсыз едік. 13 жасымнан бастап маған жын иектей бастады. Ұзын бойлы, басына бас киім киген, көк түсті киім киген ер адам келіп, аяғыма отырып алады. Аяғым ұйып қалатын. Мұны басқалар байқамайды. Тек менің көзіме көрінетін. Түнде тіпті ұйықтатпайды. Түнімен аласұрып шығатынмын.

Қазақстанға келгенде Талғар қаласында жұмыс істей бастады. Жеке зауыт болатын. Сол жынның азғыруына болу керек бір еркекке ессіз ғашық болдым. Ол зауыттың басшысы еді. Отбасы бар екенін білдім. Маған қарамайтынын да білдім. Бірақ оның етегінен жармасып, «сізді жақсы көрем деп» соңынан қалмайтынмын. Сөйтіп жүріп одан бала босандым. Ол балаға да, маған да қарамады», — деді Гүлнұр ханым.

Баласын өмірге әкелген соң әбден қиналған ол шешімді ислам дінінен іздейді. Оған құрбысы көмектескен.

«Таразға бардым. Пәтерде бірге тұрған қыз намазхан болатын. Маған сүре оқуды үйретті. Намазға жығыла бастадым. Исламды таныдым. Құранмен емделе бастадым. Намаз оқығалы бері жын-сайтандарды көрмейтін болдым. Талдықорғанда жыннан емдейтін молдаға бардым. Әлі де емделіп жүрмін. Бес уақыт намаз оқимын. Балам 12 жасқа келді. Ол да намаз оқиды», — деді Гүлнұр Садыр.

Гүлнұр Садыр баласының Жақсыбай есімді әкесін іздейді. Әкесіне тегін берсе, руын айтса, жеті атасын танып өссе дейді. Оған бұрынғыдай сезімі жоқ екенін айтады.

«Мен әкемді көргім келеді. Таныссам деймін. Мен де отбасылы болам. Сол кезде балаларыма ата-тегін айтқым келеді. Руымды білгім келеді», — деді ұлы Әділ Садыр.

Бағдарлама қонақтары Гүлнұрдың оқиғасын түсіне алмай дал болды. Жын әлемі қаншалықты адамға үгіт жүргізе алады деп аң-таң болды.