44 миллион 500 мың теңге: Оралда қылмыскерлер айырбастау пунктінің иесін тонап кеткен – Қазақстан жаңалықтары

0

Орал қаласында қылмыскерлер валюта айырбастау пунктінің иесін тонап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

пункт

Қалалық  полиция басқармасының қызметкерлері қылмыстық іске қатысты үш күдіктіні ұстады және тағы біреуіне іздеу жарияланды.

Оқиға 28 ақпанда болған. Жәбірленушінің айтуынша, қылмыскерлер оны айырбастау пунктінің алдында күтіп тұрған. Ол есікке жақындағанда, төрт жігіт оны қоршап, біреуі газ бүріккішін бетіне шашқан. 44 миллион 500 мың теңгесі бар сөмкені жұлып алып, қашып кеткен.

«Ұрланған ақшаға қылмыскерлер екі автокөлік сатып алған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Орал қаласының үш тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдіктілер Орал полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Төртінші күдіктіні ұстау бойынша шаралар қабылдануда. Аталған факті бойынша ҚК-нің 191 – бабының 4-бөлігі – «Тонау» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті.

Егер тергеушілер ұсталған адамдардың кінәсін дәлелдей алатын болса, оларға мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге түрмеге қамау қаупі төнуі мүмкін.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз