42500 теңгені мобильді нөміріңізге жібереді: 42500 теңге жәрдемақы алудың жаңа әдісі — Қазақстан жаңалықтары
«42500 теңге» әлеуметтік төлемін банктік шоттың жоқтығынан ала алмағандар енді оны IBAN шотын ұсынбай-ақ «ұялы байланыс операторының электронды әмиянындағы» жеке шоты арқылы ала алады.
Ағымдағы жылдың 6 мамырында төтенше жағдай кезіндегі кірістің жоғалуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі — МӘСҚ) төлемдер тағайындау қағидаларына (бұдан әрі — Қағидалар) тиісті өзгерістер енгізілді.
«Ұялы байланыс операторының электронды әмиянының» шотына әлеуметтік төлемдерді алу үшін азамат өзінің келісімін SMS арқылы растауы керек. Азаматтан жауап алғаннан кейін оператор алушының жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі — ЖСН) тексеріп, ақшаны ұялы телефонның жеке шотына жібереді.
Оны Халық банкінің банкоматтары немесе «Қазпошта» бөлімшелері арқылы алуға болады. Мобильді электронды әмиянның арнайы қосымшасын қолдана отырып 2000-ға жуық қызмет түрін төлей аласыз.
Қазақстандықтарға 42500 теңге жәрдемақы алуға тағы бір мүмкіндік берілді
Қызмет пилоттық режимде іске асырылды. Бұл нұсқа Қытайда, Үндістанда, бірқатар Еуропа және Азия елдерінде сәтті қолданылады.
Бұл әлеуметтік төлемдерді тез енгізудің мүлдем жаңа тетігі. 6 мамырдан бастап азаматтар оны пайдалана алады. Сонымен қатар, өтінішін кері қайтарып алғысы келетін азаматтардан өтініштер келіп түсті. Осыған орай, осындай мүмкіндікті қамтамасыз ету үшін ережеге өзгертулер енгізіліп, техникалық шешімдер әзірленді.
stan.kz