42500 теңге жәрдемақыны алуға ақылы түрде көмектеспек болған Шымкент тұрғыны ұсталды — Қазақстан жаңалықтары

0

1 сәуірде белгісіз біреу WhatsApp ақпараттық желісінде 42500 теңге жәрдемақыны тағайындауға көмектесетіні туралы ақпарат таратты. 

Шымкент қаласының тұрғындары арасында азаматтарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алуға көмектесу туралы хабарлама таратылды, бұл үшін ЖСН, ЭЦҚ, ЖК атауы, тұрғылықты мекен-жайы, карта мәліметтері туралы ақпарат беруді талап етеді.

Бұл факт қылмыстық қудалау органымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 27 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, полиция қызметкерлеріне ізін суытпай жеткізілді.

Шымкент ҚІІБ тергеу басқармасы аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

stan.kz