42500 теңге: қанша қазақстандық жәрдемақыны екінші рет алды — Қазақстан жаңалықтары

0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі екі миллионнан астам адам екінші рет 42500 теңге жәрдемақы алғанын хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ақша

«Ағымдағы жылдың 7 мамырындағы жағдай бойынша 2,1 миллион қазақстандық төтенше жағдай кезінде кіріс жоғалуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан екінші рет 42500 теңге көлемінде төлем алды», — деді еңбек министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатқандығы атап өтілді.

«42500 теңге төлем енгізілгеннен бері оны 4,5 миллион адам алды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқан қазақстандықтарға екінші ай үшін 42500 теңге төлеу ережесін түсіндірді.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде табыстың жоғалуына байланысты екінші төлем туралы өтінішті 16 сәуірге дейін берген азаматтарға беріледі», — деді Еңбек министрлігі.

 

stan.kz