42500 — Қазақстан жаңалықтары | STAN.KZ

0

42 500 теңгенің жыры халықты дүрбелеңге салып жатыр. Себебі, онлайн тіркелетін үкіметтің сайты істемей тұр, ал  халық көмекті алу үшін құжаттарын толықтыру мақсатында таң атпастан банктер мен Қазпоштаның алдына топ болып жиналып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31» арнаға сілтеме жасап.

42500

Елімізде коронавирус індетіне байланысты төтенше жағдай жарияланып, халықтың топ болып жүруіне тиым салынса да, тәртіпті бағынбағандар жетерлік. 42500 теңге әлеуметтік көмекті алу үшін халық тиісті мекемелердің алдында топ болып жиналып, тіпті жаға жыртысып, төбелесіп жатыр.

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Жаркент ауданында жәрдемақыны алу үшін банк алдына жеке шот аштыру үшін кезекке тұрғандардың төбелесе түсірілген видео тарады. 

Алматы маңындағы Қаскелең қаласының тұрғындары да карантинге қарамастан 42 500 теңгені алу үшін таңнан бастап ұзын кезекке тұрған. 

«Шот ашуға келдім, 42 500 теңгеге. Үйде отыру керек, ал отыра берсек ақшаны кім береді. Жұмыс жабылды, жұмыс жоқ. Менің немерелеріме тамақ керек», — дейді Қаскелең тұрғыны.

«Egov істемей тұр деп 42 500-ге елдер кіре алмай отыр, мысалы, таңғы 8-ден бастап бәрі кезекте тұр», — дейді жергілікті тұрғын Әрсен Самұтұров.

Банк пен Қазпоштаның алдында кезекте тұрған халыққа полиция арақашықтықты сақтауды талап етіп, ескерту жасап жүр. 

Қызылорда тұрғындары да күнін Қазпоштанының алдында кезегін күтумен өткізіп жатыр. Олар пошта қызметкерілірінің жұмысы баяу деп шағымданып отыр. Кезекте карантин талаптары мүлдем сақталып жатқан жоқ, дейді көпшілік. Олардың айтуынша, адамдар кезекте тұрған жерде дезинфекция жасалмаған.

Ал пошта қызметкерлері карантин талаптарын ескерте отырып, есепшот ашуға немесе өтініш тастауға тек бір адамнан кіргізіп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, олар топталған кезек салдарынан үзіліссіз жұмыс істеуге мәжбүр екенін айтты.

«Поштаның алдында сағат 10:05-тен бері тұрмын. Қазір сағат 3:00 болды, кезек әлі жылжыған жоқ, әлі тұрмыз,  мына жақтан жұмыс не болып жатқанын білмейміз», — дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Гүлжанат Сәпиева.

«Қазір, енді халықтың көбісі білмейді, басқа да төлеу жолдаыр бар екенін. Мысалы біздің өзіміздің post.kz деген электрондық портал бар. Сол портал арқыла да төлеуге болады, кез келген картасымен. Және де телефон арқылы», дейді «Қазпошта» бөлімі жетекшісінің орынбасары Айзат Ізтілеуова.

Семей қаласының халқы да жәрдемақыны алу үшін банктерде еке шоттарын ашып, әлек болып жүр. Олардың айтуынша, үйде отырып, шот ашу мүлде мүмкін емес.

«Бір-біріңе тиіспеңдер, үйде отырыңдар дейді. Халықтың бәрі бір-біріне жабысып тұр. Мынау сұмдық қой. Egov-қа кіріңіздер, сол арқылы тіркеңіздер дейді. Egov ісемейді, интернет істемейді. Ешкім ешқай жерден қосыла алмай жүр», — дейді Семей қаласының тұрғыны Гүлнәр Бекішова. 

 

 

stan.kz