42 500 теңгелік жәрдемақы: 1,3 миллион адам бірыңғай жиынтық төлемін аударды — Қазақстан жаңалықтары
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Төтенше жағдай кезінде 42 500 теңгеге өтініш білдірген 1 миллион 300 мың қазақстандық бірыңғай жиынтық төлемін жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Нұрымбетов елімізде 4 млн 600 мың адам 42 500 теңгеге өтініш жолдау арқылы өз қызметін заңдастырыпты.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуде көптеген мәселелер туындаған еді. Көп адамның мәртебесі рәсімделмеген болды, яғни еш ақпараттық жүйеде тіркелмеген. Тиісінше олар медициналық сақтандыру жүйесіне, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы жүйесіне қатыса алмады. Осылайша, 1 млн 300 мың адам бірыңғай жиынтық төлем төлеп, өз қызметін заңдастырды. Қазір олар оңтайландырылған тәсілмен салық органдары мен біздің ақпараттық жүйеге енгізілді», — дейді министр.
Бұған қоса ол БЖТ жүргізген өз бетінше жұмыспен қамтылғандарға бірқатар көмек берілетінін айтып кетті.
«Мұнда жұмыспен қамту жол картасы, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы сынды барлық құралдарды қолданамыз. Оқыту шаралары да қарастырылады. Өз жұмысын заңдастырған, кішігірім кәсіпкерлікпен айналысқан адамдарға жеңілдікпен микронесие алуға, өз бизнесін заңды түрде дамыту үшін грант алуға көмектесеміз. Бейресми, еңбек келісімінсіз жұмыс істегендерге де жергілікті атқару органдары тарапынан жұмыс берушімен еңбек қатынасын реттеуге көмек көрсетіледі», — деп қосты ол.
Қазіргі таңда барлық азаматтар мемлекеттік реестрге тіркеуге алыныпты.
stan.kz