42 500 теңгеге өтінім берген мемлекеттік және бюджет қызметкерлері ұятқа қалды

0

Төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік төлемге өтінім бергендердің көбісінің тұрақты жұмысы бар болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы 42 500 теңге әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша есеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Ресми мәліметке сәйкес, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған 3 миллионнан астам адамға  42 500 теңгенің әлеуметтік төлемі аударылды. Қаржының жалпы көлемі – 127 миллиард теңге.

Оқи отырыңыз: Министрлік 42 500 теңгені қайтаруға қатысты сауалға жауап берді 

Халықтан барлығы 5,9 миллион өтінім түскен. Соның ішінде 2,15 миллион, яғни 37% бойынша төлем тағайындалған жоқ.

Негізгі себептері:   

  • 157 мыңға жуық өтінімде адамның жеке дерегі дұрыс көрсетілмеген. Бір әріпте немесе санда қате кетсе, әлеуметтік төлем тағайындалмайды;
  • 80 мыңға жуық өтінімде банк деректері дұрыс жазылмаған. Өтінім бергенде банк атауы мен IBAN-ды (шоттың 20 белгіден тұратын нөмірі) көрсету қажет. Көбісі банк картасының нөмірін жібере салған;
  • Өтінім берушінің тұрақты жұмысы бар болып шыққан. Олардың ішінде мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері де бар;
  • 863 мыңға жуық өтінімді зейнетақы және жәрдемақы алушылар жіберген. Олар төтенше жағдайға дейін ресми жұмыс істемеген;
  • 1,16 миллион өтінім бойыша соңғы 12 айда ешқандай әлеуметтік аударым жасалмаған, бір рет болса да, бірыңғай жиынтық төлем аудармаған. Ондайда 42 500 теңге берілмейді;
  • 534-ке жуық өтінім қайтыс болған адамдардың атынан немесе Қазақстаннан тыс жерде тұратындардың атынан жіберілген.



sputniknews.kz