42500 теңгеге бола әйелдер бала 1 жасқа толғанша алатын төлемсіз қалып отыр

0
697

Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге көлемінде төлемақы алған декреттік демалыстағы әйелдер енді бала бір жасқа толғанша алатын жәрдемақысыз қалып отқанына шағымданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпарат агенттігі.

Жағдайға қатысты «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ түсініктеме берді. Мемлекеттік орган 42 500 теңгенің елдегі төтенше жағдаймен байланысты жалақысы сақталмай демалысқа жіберілген орта және шағын бизнес субъектісі жұмысшыларына арналғанын айтып өтті.

«Төтенше және карантиндік кезеңдегі төлем туралы өтініш түрінде өтініш беруші кірістердің жоғалуы туралы жалған ақпарат бергені үшін жауап береді деген ереже бар. Төтенше жағдай кезінде кейбір жұмысшы өз бетінше қашықтан жұмыс істеуге сұранған, жұмыс берушіден жалақы алса да, қосымша 42 500 теңге алып отырған. Осыған сәйкес, қызметкер шығын туралы жалған ақпарат бергені үшін жауап береді», – деп еске салды МӘСҚ.

Әлеуметтік төлем тағайындау үшін МӘСҚ тексеріс жүргізуге құқылы. Бұл үшін мемлекеттік орган әйелдің 12 немесе 24 айдағы орташа табысын есептеуі тиіс. Бұл кезеңде 42 500 теңгенің басқа төлемдерге қалай әсер еткені анықталады.

«Мұндайда әйелдердің табыс және төтенше жағдай мен карантин кезінде төлем алып отырғаны анықталады. Осыған байланысты жүктілік пен босануға байланысты төлем дұрыс есептелуі үшін әйел төтенше жағдай мен карантин кезінде жалақысы сақталмай демалысқа жіберілді деп жалған мәлімет ұсынғаны үшін өз еркімен 42 500 теңгені қайтарғаны жөн.

Бұл төлемдерді тағайындау үшін құқыққа ие болған күннен бастап 12 айға дейін жүгінуге болады. Осылайша жұмыс істейтін әйелдер тиісті құжаттарды ұсынған жағдайда бәрібір төлемдерді алады», – деді МӘСҚ-дегілер.

Отандық адвокат Олег Чернов бұл проблеманың мемлекеттің ақпараттық саясатының дұрыс еместігімен байланысты екенін айтады.

«ТЖ режимі болған кезде декреттегі әйелдердің 42 500 теңге ала алатыны туралы жаңалықтарда айтты. Ақпараттандыру жұмысы дұрыс жүрмеді. Сондай-ақ, ешбір қазақстандықтың 42 500 теңге алғаны үшін жазаланбайтыны туралы ақпарат тарады. Жауапкершілікке тартылмайды дейсіздер де, жалған мәлімет берді дегенге сілтейсіздер. Қате өтініш бергендер де жазалануы мүмкін. Ол кезде қиын болғанын түсініп отырмыз ғой, бірақ енді мынандай салдары болып отыр», – деді ол.

Адвокат декреттегі әйелдерді екі категорияға бөлуді ұсынды: біріншісі – расымен де карантин кезінде жалақысыз қалып 42 500 теңге алғандары, екіншісі – ресми жұмыс істесе де, осы төлемді алғандар.