42 500 теңге төлемін алу үшін АТФБанкте шотты онлайн ашу — Қазақстан жаңалықтары

0

Төтенше жағдай кезеңінде қазақстандықтарға материалдық көмек ретінде мемлекеттен берілетін 42500 теңге адресаттарына міндетті түрде жетуі керек.

Осы төлемдер тағайындалған кейбір адамдарда қарыздар, орындалмаған ақшалай міндеттемелер, шоттарға тыйым салу болуы мүмкін және әлеуметтік төлем бойынша түскен ақша автоматты түрде өтеу шотына есептеліп кетуі мүмкін. Олай болмауға тиіс, өкінішке орай ондай жағдайлар орын алады.

Арнайы шот не үшін қажет?

Осы сияқты олқылықтар орын алмас үшін АТФБанк қазақстандықтарға арнайы ағымдағы шот ашуға және осы шотты әлеуметтік төлемдер алу үшін көрсетуді сұрайды. Банкте арнайы шотты «шекті аяда қолданылатын шот» деп түсіндіреді, ол арнайы төлемдер алу үшін ғана ашылады. Оны басқа мақсаттар үшін қолдану мүмін емес. Ол мемлекеттен зейнетақы және жәрдемақы алатындарда болады. Бірақ ол бүгінгі таңда ТЖ салдарынан қиын қаржылық жағдайға тап болып, мемлекет  қолдау көрсетіп отырған жеке тұлғалар үшін де қажет. 

Арнайы шоттың пайдалы ерекшелігі – шот иесінің салықтарын немесе басқа да міндетті төлемдерін төлеу үшін одан ақша ұсталмайды. Сонымен қатар, АТФБанк оны ашқаны және жүргізгені үшін, сонымен қатар қолма-қол ақша алғаны үшін комиссия ұстамайды. Яғни, алушы қолына толық 42 500 теңге алады. 

АТФБанкте арнайы шотты ашу неге оңай?

Өйткені ATF24 интернет-банкингі бар. Оның көмегімен АТФБанктің барлық клиенті арнайы шотты қашықтан аша алады. Ол үшін бар болғаны төрт рет бассаңыз болғаны:

1-басу – қолданбаны ашу

2-басу –  «Өнімдер» бөліміне өтесіз

3-басу –  «Арнайы шот ашу» батырмасын басасыз 

4-басу –  «Ашу» басу арқылы ашылғанын растайыз

Осыдан кейін ATF24 Сізге растау кодын жібереді, сосын шот ашылады. Жиырма мәнді IBAN шотты шот деректемелері бөлімінен оңай табуға болады, осы шотты әлеуметтік төлемдерге өтінімде көрсету қажет.

Банк бөлімшесіне келмей-ақ арнайы шотты ашуға өтінімді АТФБанк сайтынан да қалдыра аласыз.

Арнайы шоттан ақшаны қалай алуға болады?

Барлығы оңай, тағы да ATF24 көмекке келеді: ақшаны арнайы шоттан АТФБанктің қолданыстағы шотына аударасыз, мысалы #1 вертикалды картасынан 300 мың теңгеге дейінгі ақшаны қолма-қол алғанда комиссия ұсталмайды.

Ал, арнайы шотты сайт арқылы ашқанда оған түскен ақшаны алу үшін бөлімшеге бір рет қана барасыз.
 

stan.kz