42 500-ді аласыз ба, әлде алмайсыз ба – енді өтінішті өзіңіз тексере аласыз

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Енді қазақстандықтар 42 500 теңге жәрдемақыға берген өтініші қандай кезеңде қаралып жатқанын тексере алады

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлем алуға берген өтініштің статусын тексеруге мүмкіндік беретін сервисті іске қосты. Бұл туралы вице-министр Нариман Мұқышев хабарлады.

«Біз үнемі әлеуметтік желілерді қарап отырамыз. Қазіргі уақытта адамдардың ең көп сұрайтыны – «Мен бірнеше күн бұрын өтініш бердім, бәріқ әлі күнге дейін жауап жоқ». Сондықтан Біржан Нұрымбетовтің (Еңбек және халықты әдеуметтік қорғау министрі – Sputnik) тапсырмасы бойынша 42 500 теңге төлем бойынша статусты тексеретін сервис іске қосылды», — деп жазды вице-министр Instagram-парақшасында.

Сонымен, өз статусыңызды тексеру үшін:

  • 42500.enbek.kz сайтына кіріңіз
  • «Өтінім статусын тексеру» деген жерді басыңыз
  • ЖСН мен жеке куәлік нөмірін енгізіңіз
  • “Мен робот емеспін” деген жерге ✔ белгісін қойып, “тексеру” батырмасын басыңыз.

Бірден өтінішіңіздің статусы шыға келеді.

Айта кеткен жөн, бір құрылғыдан бір сағаттың ішінде тек 3 сұраныс жібере аласыз.

Бұған дейін еңбек министрлігі 42 500 теңге мөлшеріндегі жәрдемақыны төтенше жағдай режимі кезінде екінші рет алу мүмкіндігі туралы хабарлаған еді. 



sputniknews.kz