«40-тан асқанда қылық шығарайын дедің бе?»: Қысқа көйлек киген Айгүл Иманбаева сынға қалды

0

45 жасар Айгүл Иманбаева қысқа етекті көйлек киемін деп сынның астында қалды.

Елдің талқысына түскен суретке Иманбаеваны біреулер мақтап жатса, ал біреулер сынға алды.

«Уау», «Мәссаған», «Фигураңыз ұрып тұр», «Сұлусың ғой» деп кейбір оқырмандары мақтаса, ал кейбір оқырмандары «Мұндай жасқа келіп, ұят емес пе?», «Өте әдемі жарасады екен, бірақ деген нәрсе бар. Тым жеңілтек әйелге ұқсап қалыпсың. Саған болмайды, 40-қа келдің, 25, 30 жаста болсаң жас қой, кие берсін дер едік», «Адам қартайғасын етек жеңін жинап, Аллаға жақын болушы еді. Қанша боянғанда да кәрі адам жас болмайды», «Қырықтан асқанда қылық шығарайын дедің бе», – деп пікірлерін қалдырды желі оқырмандары.