Тоқаев: Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салынады

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға арнап 40 мың жалдамалы пәтер салынатынын мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

Өз сөзінде президент әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың тиімділігін арттыру мақсатында қосымша 2 триллион теңге бөлінетінін айтты.

«Тұңғыш Президент бастамасымен іске қосылған барлық әлеуметтік бағдарламалар толық жүзеге асады және ауқымы кеңейеді. Әлеуметтік саясатты одан әрі тиімді жүзеге асыруға қосымша 2 трлн теңге бөлеміз. Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салынады», — дейді Тоқаев.

stan.kz