40 миллион теңге пара: қазақстандық үш бірдей шенеунік сотталды
ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, Шымкент және Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастықтары сотталды, — деп хабарлайды Антикордың баспасөз қызметі.
Ақмола гарнизоны әскери сотының үкімімен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербисов пен Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мадияр Жақсыбаев 5 жылға, Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Ізбасаров9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Олар бизнес өкілінен кәсіпкерлік қызметіне қамқорлық жасағаны үшін жалпы сомасы 39,7 миллион теңге сомасында пара алған.