4 сарбаздың денесіне генетикалық сараптама жасалып жатыр

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Қазақстанның әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов апаттан көз жұмған 4 әскери қызметшінің денесі медициналық тексерістен өтіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Авиация генерал-майоры апаттан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына көңіл айтты.

«Әуе апатынан 13 жігітіміз қаза тапты. Олардың туған-туыстарына көңіл айтамын. Бұл – орны толмас ауыр қайғы», — деді Дәурен Қосанов.

Кейін ол тікұшақ апатының мән-жайына тоқталды.

«27 наурызда Астана уақытымен ағат 18:30-де Қазақстан қарулы күштеріне тиесілі 4 тікұшақ Ақтаудан Шымкент қаласына ұшып келе жатқан. Жалаңаш ауылының жанында бір тікұшақ апатқа ұшырады. Салдарынан 3 ұшқыш, 10 сарбасымыз қаза тапты. Қираған ұшақтың ішінде майор, екінші санаттағы ұшқыш Роман Казтулов болды», — деді авиация генерал-майоры.

Сонымен қатар Дәурен Қосанов апат болған күні арнайы комиссия құрылып, Қызылорда қаласына ұшып шыққанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде 4 сарбаздың денесіне медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

«Қазіргі таңда 9 әскери қызметшінің денесі туған жеріне жерленді. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында 4 әскери қызметшінің денесіне генетикалық сараптама жасалып жатыр. Кейін олардың денесі туған жеріне жіберіледі», — деп түйіндеді сөзін Дәурен Қосанов.



sputniknews.kz