4 мың еуро: Швейцария әлемдегі ең төменгі жалақы мөлшерін белгіледі

0

Швейцариядағы Женева кантоны қызметкерінің ең төменгі жалақысы салықты есептемегенде шамамен 4 мың еуроны құрауы мүмкін.

Қыркүйек айының соңында өткен референдумда швейцариялықтар салықты есептемегенде 23 швейцариялық франктан (шамамен 21 евро) ең төменгі сағаттық жалақы енгізуді қолдады. Бұл туралы Euronews жазады.

Швейцарияда стандартты жұмыс аптасы 42 сағатты құрайды, сондықтан қызметкердің салықсыз ең төменгі жалақысы 4000 евро шамасында болуы мүмкін. Хабарламада айтылғандай, жалақының өсуі шамамен 30 мың адамға әсер етеді, олардың үштен екісі әйелдер.

Женева кантонындағы жұмысшыларға ең төменгі сыйақы деңгейі енді Швейцарияның барлық еуропалық көршілерінің деңгейінен асып түседі. Мысалы, Люксембургте салықтарды қоспағанда ең төменгі жалақы – 2142 евро, Францияда – 1539 евро.

Сонымен бірге Швейцарияда өмір сүру деңгейі өте жоғары, делінген хабарламада. Атап айтқанда, жалға берілетін тұрғын үй мен медициналық сақтандыру өте қымбат.

Керімсал Жұбатқанов

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз