4 миллиард теңге: Балқаш тұрғындары жағалаудың қайта құрылуына наразылық танытты

0

Балқаш қаласының тұрғындары 4 миллиард теңгеге жағалауды қалпына келтіруге наразы. Олар жобадан баға қымбаттайды деп алаңдайды. Қалада мезгіл-мезгіл суық су өшіп қалатыны туралы мәселе де бар. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі “Бесінші арнаға” сілтеме жасап хабарлайды.

«Мен түсінемін, туристік қала, жағдайды жақсартқысы келеді, бірақ қай жерде құбыр жарылады деп күтпей, жайлы өмір сүргісі келетін тұрғындар да бар. Менің ойымша, бізге бұл төрт миллиардтың жағажайы қажет емес. Бізге коммуникация керек. Бір ғана алатынымыз – бағаның көтерілуі. Балқаш миллиардерлер қаласы сияқты», –деді жергілікті тұрғын Мейіргүл Күлпейісова.

Жағалауды алматылық құрылысшылар жобалаған. Ол туристерді қызықтыратын орынға айналуы керек. Еске салайық, Балқаш туризмді дамытудың жол картасына енгізілген болатын. Жағалауда беріктігі үшін арнайы жабыны бар брусчаткамен мозаика төселіп, субұрқақтар мен туристерге серуендеу алаңы салынады.

«Жоба –  қызықты. Көлге бірнеше шығатын жолдар, көпірлер болады. Көпірлер бұрынғы қалпында болады, сондықтант жоба қымбат емес деп ойлаймын», –деді Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Әнуар Самиев.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы коммуникацияларға қатысты шағымдарға да жауап берді. Былтырдан бері су құбырын қалпына келтіруге төрт миллиард теңге бөлінгенін мәлімдеді. Бұл қаражатқа 124 шақырымдық құбыр ауыстырылады. Сумен жабдықтау желілеріндегі жөндеу жұмыстарын 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.