4 әскери қызметкер қаза тапты: Жамбылдағы жарылыс трагедаиясы жалғасып жатыр

0

Жамбыл облысындағы жарылыста 4 әскери қызметкер қаза тапты.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы мәлімдеді.

“Өкінішке орай өрт сөндіру кезінде 4 әскери қызметкер көз жұмды. Қазақ тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Қазіргі таңда бірнеше адаммен байланыс орнату мүмкін болмай отыр. Олар тірі деп үміттенеміз. Іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – дейді Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы.

Министр қаза тапқандардың ішінде қарапайым халықтың жоқ екенін айтты.

“Қазіргі таңда зардап шеккендер мен қаза тапқандардың ішінде бейбіт тұрғындар жоқ”, – деп мәлімдеді министр.