4 айдан бері сөнбеген өрт: жаңа министр «Оңтүстік Қаратұрындағы» апат жайлы білмейтінін мәлімдеді

0

Жаңа экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Маңғыстау облысындағы «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнындағы өрт туралы, сондай-ақ еуропалық ғалымдар бұрын мәлімдеген метан шығарындыларының экологияға тигізетін зардаптары туралы білмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Kazenergy форумының кулуарында белгілі болды. Шенеунік бір айдан аз уақыт бұрын қызметке кіріскенін және саладағы барлық мәселелермен толық таныспағанын айтып ақталды.

— Жоқ, Мен естіген жоқпын. Ол қайда? Мен енді ғана келдім. Енді ғана кірісіп жатырмын», – деді министр.

Айта кету керек, Нысанбаевтың форумда жасаған баяндамасының бір бөлігі метан шығарындыларын азайтуға арналды, министр Қазақстан оларды азайту жөніндегі міндеттемеге қосылу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Еске салсақ, Маңғыстау облысындағы «Оңтүстік Қаратұрын» мұнай-газ кен орнында өрт 9 маусым күні  тұтанған болатын.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин өртке қатысты тексеру жүргізу қажеттігін айтып, аталған кен орнындағы былықтарды жайып салған.

Бұдан бұрын кен орнындағы өрт экологияға қандай зиян келтіргені жайлы жазғанбыз.

Жуырда ТЖМ «Оңтүстік Қаратұрындағы» өртті сөндіру үшін қандай шаралар атқарылып жатқанын мәлімдеді.