4, 5, 6 мамырға ауа райы болжамы

0

4-6 мамырға ауа райы болжамы шықты

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

«Қазақстанға жылжыған антициклонның ықпалынан республиканың көптеген облысында жауын-шашын тоқтап, күн жылынады. Алдағы үш тәулікте солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарда жауын-шашын болмайды, ауа температурасы жоғарылайды. 6 мамырда күндіз ауа температурасы кей жерлерде плюс 23-28°С, оңтүстік және орталықта плюс 27-32°С дейін жоғарылайды», – деп хабарлайды синоптиктер. 

Ал оңтүстік-шығыста алдағы үш тәулікте суық атмосфералық фронттың ықпалы сақталады, сондықтан кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді.

Тағы оқыңыз: Сәуір айына ауа райы болжамы шықты

Ал батыс облыстарда Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймағынан ығысатын атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, найғазай ойнап, қатты жел болады. 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз