4, 5, 6 мамырға ауа райы болжамы
4-6 мамырға ауа райы болжамы шықты
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Қазақстанға жылжыған антициклонның ықпалынан республиканың көптеген облысында жауын-шашын тоқтап, күн жылынады. Алдағы үш тәулікте солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарда жауын-шашын болмайды, ауа температурасы жоғарылайды. 6 мамырда күндіз ауа температурасы кей жерлерде плюс 23-28°С, оңтүстік және орталықта плюс 27-32°С дейін жоғарылайды», — деп хабарлайды синоптиктер.
Ал оңтүстік-шығыста алдағы үш тәулікте суық атмосфералық фронттың ықпалы сақталады, сондықтан кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді.
Тағы оқыңыз: Сәуір айына ауа райы болжамы шықты
Ал батыс облыстарда Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймағынан ығысатын атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, найғазай ойнап, қатты жел болады.
sputniknews.kz