390 жолаушысы бар кеме апатқа ұшырады

0
390 жолаушысы бар кеме апатқа ұшырады


Италияның Сардиния аралындағы Порто-Торрес портынан шыққан кеме апатқа ұшырады.

Барселонаға бет түзеген Cruise Roma кемесінде 390 жолаушы болған. Grimaldi Lines компаниясына тиесілі кеме ашық теңізге шыққан бойда экипаж мүшелері сол жақ ескіш винттің валында ақау барын байқап қалып, кемені тоқтатқан. Капитан порт басшылығы мен жағалау күзет қызметіне хабар беріп, апатты өз күшімен жоюға шешім қабылдайды.

Круиз қатысушылары төтенше жағдайға алаңдап, туыстарына, түрліше мемлекеттік қызметтерге хабарласа бастаған. Бірнеше сағатқа созылған жөндеу жұмыстарынан кейін ақауды реттеудің сәті түсті. Бірақ Cruise Roma Барселонаға емес, Рим провинциясындағы Чивитавеккья портына қарай бет алды.

Дереккөз: ҚазАқпарат