«390 млн теңгенің орнына тиын-тебен бере салды»: қазақ жұмысшыларын алдаған кім?

0
119
Фото newsroom.kz сайтынан алынды

«Адырна» ұлттық порталының электронды почтасына Ғалымбек Мусин есімді азаматтан еңбек қатынасындағы заң бұзушылық пен алдау, кісі ақысын жеуге қатысты хат келіп түсті, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Жұмысшылар 390 млн теңгеден қағылды дейді. Басынан бастайық.

Қазақстан экономикасы үшін ең бастысы, ең алдымен отандық өнім мен отандық кәсіпкерлерді қолдау болуы тиіс. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бірнеше мәрте мәлімдеме жасап, отандық кәсіпкерді қолдау мен отандық жұмысшы күшіне барлық жоба аясында сенім аптруға шақырған болатын. Бұл әсіресе отандық жұмысшылар мен шетелдік жұмысшылар арасындағы еңбекақаның айырмашылығына байланысты наразылық жиі болатын еліміздің Батысындағы мұнай саласы секторына тікелей қатысты. Алайда Тенгизшевройлдың кейбір мердігерлері аймақтағы жағдайды ушықтыру үшін қасақана жағдайды қиындатуға баратын сыңайлы.

Сондай бір мердігер ретінде «Сенімді Құрылыс» ЖШС айтуға болады, ол АҚШ пен Түркия резиденттеріне тиесілі. Дәл осы компания ТШО-мен құрылыс жасау, жөндеу жұмыстарын жүргізу және өзге де қызмет түрлерін көрсету бойынша келісім жасайды. Артынша «Сенімді Құрылыс» субподряд өкілдерімен келісім жасап, жұмысшылар тобын тарта отырып отандық қызмет ретінде жұмысқа кіріседі. Сондай мердігер компанияның бірі, кіші және орта кәсіп өкілі саналатын «Asia Operating Corporation» (AOС) компаниясы. 2016 жылдың 1 қазанында «Сенімді құрылыспен» келісім жасап, бірақты негізде қызметкерлерге сағатына 2121 мен 3144 теңге, немесе орта есеппен 6 доллар төлеуге келіскен болатын (2016 жылы 1 доллар 353,70 теңгеге тең еді, ал 2019 жылы 385,76 тенгені құрады).

«Тым төмен баға берсе де, AOС ұсынылған келісімге көнді, себебі жұмысшыларға жұмыс тауып беру қажет болды. Осы келісім бойынша біз 2016 мен 2019 жылдары жұмыс істедік», — дейді ЖШС директоры Ғалымбек Мусин.

Ол 2121 теңгенің ішіне тек қана айлық емес, сонымен бірге тұру ақысы, тамақтандыру, нысандарға жеткізу және тағы басқа кіргенін айтады.

«Өте төмен баға берілгендіктен, менің компания үлкен шығынға ұшырап, шынайы негізде банкроттық жағдайға тап болды. Осы бағамен біз жалақы төледік, мейрам күндері де осы қаржыдан үстеме бердік, тұру мен тамақтандыру ақысын өтедік, арнайы киімді де осы қаржыдан алдық», — дейді Мусин.

Оның сөзінше «Сенімді Құрылыс» шығындардың біршамасын жабатынын айтқан. Алайда 2019 жылы келісімді үзіп, уәделерін орындамаған. Мердігер мен қосалқы мердігер арасында келісім бар, келісілген қаржы төленді, тараптар екі жаққа кетсе болады дейтін шығарсыз. Алайда бұл жағдайда тағы бір шикілік бар. ТШО өз жобаларына тартылған жұмысшыларды қамтамасыз ету үшін қаржы бөледі, мердігердің барлық шығынын өтейді, оның ішіне «Сенімді Құрылыс» ЖШС да кіреді. Демек, шетелдік мердігер ТШО-дан алған барлық қаржыны жұмысшыларға беруі міндетті. Ғалымбек Мусиннің қолына бас келісім құшаты түскен, онда субподрядқа «Сенімді Құрылыс» төлеуі тиіс барлық шығын мен қаржы тайға таңба басқандай жазылған. Онда жұмысшылардың сағатына 5,7 доллар емес, 15,66 доллар төлеуі тиіс деп көрсетілген, бұл о бастағы келісімнен үш есе көп деген сөз. Мусиннің есептеуі бойынша «Asia Operating Corporation» ЖШС төрт жылдың ішінде 390 миллион теңгеден қағылған. Ал ең басты сұрақ, «Сенімді Құрылыс» иелері болып табылатын Түркия мен АҚШ азаматтары ол қаржыны қайда жіберді?

«Неге «Сенімді Құрылыс» өз қосалқы мердігер (субподряд) өкілдеріне көңілге өонымды қаржы бермейді, оның ішінде менің компанияма да? Ақша қайда кетіп жатыр? Мен сияқтылар өте көп. Егер шын санайтын болсақ, онда бұл орасан қаржы», — дейді кәсіпкер.

Барлық дәлелдемелер мен есептеулерді жинақтап, Сенімді Құрылыс 120 млрд теңгеге жуық қаржыны шекара асырып жіберуі мүмкін деген хатты Ғалымбек Мусин ел президентіне де, Атырау облысы әкімдігі мен Мәжіліс және Сенат спикерлеріне де, Бас Прокурорға да және өзге де органдарға жіберген, алайда бірде бір тергеу мен зерттеу жұмыстары басталмаған. Кәсіпкерге аталмыш мәселе бойынша сотқа жүгініңіз дегеннен басқа мардымды жауап келмепті. Өзі қол қойған келісімшарттың барын жақсы түсінетін Мусин, сотты жеңе алмайтынын біледі. Алайда шынайы жағдайға қарайтын болсақ, қазақстандық жұмысшылар лайықты қаржы алуға тиіс сәтте тиын-тебен алып келген, ал тапсырыс беруші бар болғаны алдап кеткен.