39 адамның қазасына қатысты іс бойынша күдікті ұсталды

0
58

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Британияда отыз тоғыз вьетнамдықтың қазасына қатысты іс бойынша күдікті ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Британдық полиция 39 вьетнамдықтың қазасы туралы істі тергеу аясында абайсызда өлтірді деген күдіктпен тағы бір ер адамды ұстады, деп хабарлайды Эссекс графтығының полициясы.

РИА Новости мәліметінше, дүйсенбі күні Пурфлит қаласының 36 жастағы тұрғыны ұсталған.

«39 вьетнамдықтың қазасы туралы істі тергеу аясында Абайсызда адам өлтірді, адамдарды заңсыз тасымалдап, көші-қонды жүзеге асыру мақсатында сөз байласты деген күдіктен ер адам ұсталды», – делінген Twitter-де жарияланған полиция мәлімдемесінде.

Бұған қоса, құқық қорғаушылардың дерегінше, қазіргі таңда күдікті жауап алу үшін қамауға алынды.

Еске салсақ, 23 қазан күні Эссекс графтығының полициясы Ұлыбританияға Бельгиядан келген жүк көлігінен 39 адамның денесін тапты.

Бастапқыда олар Қытай азаматтары деген болжам жасалды, дегенмен кейін марқұмдардың вьетнамдықтар екені анықталған.

Тағы оқыңыз: Жүк көлігінен табылған 39 адамның неден өлгені анықталды

Полиция бірнеше адамды ұстады. Олардың қатарында жүк көлігінің жүргізуші – Солтүстік Ирландияның 25 жастағы Морис Робинсон есімді азаматы бар.

Тағы оқыңыз: «Анашым, кешір»: жүк көлігінде өлі табылған 39 адамның соңғы жазбалары жарияланды



sputniknews.kz