38 градус ыстық: Қазақстанда алдағы мейрам күндері ауа райы қандай болады

0

Синоптиктер алдағы мейрам күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады. Олардың болжамынша, елімізде ауа райы жылы және жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.

Антициклон және оңтүстік-батыс тропосфералық ағындарының әсерінен  9 мамырда Қазақстан аймағының басым бөлігінде ауа райы жылы және жауын-шашынсыз болады.

Алдағы үш тәулікте де республика аумағында ауа райында күрт өзгерістер күтілмейді. Батыс облыстарда күндіз ауа температурасы 30-38 градусқа дейін жоғарылап, найзағай ойнап, өткінші жаңбыр күтіледі. Оңтүстік және орталық өңірлерде де жылы және жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

Апта соңында суық атмосфералық фронт және Карск теңізінде қалыптасқан антициклон әсерінен солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстардың кей жерлерінде өткінші жаңбыр және ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі.

stan.kz