37 жыл шылым шеккен әйелді түк басқан

0
37

Мельбурн қаласында дерматолог маманға сирек ауруға шалдыққан 51 жастағы әйел келді. Соңғы екі ай ішінде науқастың бетін түк басқан. Осылайша әйел бірнеше айда танымастай өзгерді.

Дәрігерлер алдын ала «лануго шаштары» деген диагноз қойды. Әдетте жаңа туған нәрестелерде болатын түктерді осылай атайды. Олар араға бірнеше ай салған соң өздігінен жоғалады.

Мамандар жасы үлкен әйелдің денесінде дәл осындай түктердің пайда болғанына аң-таң болып отыр. Олар мұны рак, жүйке анорексиясы, асқазан ауруы, эндокриндік бұзылу және кейбір жақпайтын дәрі-дәрмек қабылдаумен байланыстырды.

Алайда әйел адамның осы күнге дейін ешбір қауіпті ауруға шалдықпағаны белгілі болды. Есесіне ол 37 жыл бойы үзіліссіз шылым шеккен. Компьютерлік томографиядан кейін мамандар науқастың оң жақ өкпесінде 12 миллиметрлік дақ барын анықтады. Бұл рак ауруының бір түрі – аденокарцинома болып шықты.