350-ге тарта көлік ұрысы қолға түсті

0
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

9 0 0

Көлік ұрыларының басым көпшілігі ұйымдасқан қылмыстық топ құрамына кірген

АЛМАТЫ, 25 желтоқсан — Sputnik. Алматы полициясы жүргізген бірқатар жоспарлы шаралар нәтижесінде қалада ұрлық жасап жүрген, оның ішінде көлік айналарын ұрлаумен айналысқан 28 ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды.

Барлығы 344 көлік айнасын ұрлаушы ұсталды, деп хабарлады полиция департаменті. Олардың көпшілігі ұйымдасқан қылмыстық топ құрамына кірген, алайда жалғыз өзі ұрлық жасап жүргендер де кездескен.

«Біреудің мүлкін ұрлаумен айналысатын 104 қылмыстық топ құрықталды, олардың ішінде: пәтер тонаушылар – 24, көлік ұрылары – 28 және басқа ұрлық түрі – 46», — деп мәлімет берді қылмыстық полиция басқармасының басшысы Есен Искаков.

Көлігінің айнасын ұрлағандарды ұстаймын деп ажал құшқан әйгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қазасынан кейін Алматы полициясы көлік ұрыларының көбейіп кеткенін мойындап, осы қылмыс түріне қарсы шара қолдануға мәжбүр болды.

Көліктің қосалқы бөлшектері сатылатын базарларды тексеріп шыққан жедел қызметкерлер ұрланған заттарды қабылдап, сататын дүкендерді анықтады.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/