31 желтоқсанда не істеуге болмайды?

0
36

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

https://sputniknews.kz/images/868/58/8685819.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/society/20191231/12432561/31-zheltoqsan-2020.html

Доңыз жылы қол бұлғап, есіктен тышқан жылы сығалап тұр. Санаулы сағаттан кейін 2019 жыл да тарих қойнауына енеді

НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Жаңа 2020 жыл тек сәттілік пен бақыт әкелсін десеңіз, 31 желтоқсанда не істеуге болмайтынын біліп алғаныңыз жөн.

Жаңа жылмен байланысты ырым-тыйымдар, наным-сенімдер көп-ақ. Солардың бірсыпырасын еске түсіруді жөн көрдік.

Сонымен, 31 желтоқсан күні не істеуге болмайды?

  • Жақындарыңызбен сөзге келіп қалмаңыз. Әйтпесе келесі жылы өміріңізде ұрыс-керіс, кикілжің көп болуы мүмкін.
  • Кешкі сағат 18:00-ден кейін қоқыс шығармаған абзал. Себебі қоқыспен бірге үйден сәттілік те кетеді деген наным бар.
  • Бұл күні ешкімге қарыз бермеңіз. Тіпті, ең жақын адамдардың өзіне.

Тағы оқыңыз: Жалақы, жәрдемақы және кредит: Қазақстанда 2020 жылдан бастап не өзгереді

  • Тышқан жылын лас, жиналмаған үйде қарсы алу – жамандықтың белгісі. Себебі жаңа жылда сіздің де өміріңіздің астаң-кестеңі шығып, сәтсіздікке ұрыну қаупі бар. Сондықтан Жаңа жыл қарсаңында үйді тап-тұйнақтай жинап, жуып-тазалаған жөн. Бірақ мұны 31 желтоқсанда емес, оның алдында жасау керек.
  • Жаңа жылды жалғыз қарсы алу түрлі қиындықтар мен күтпеген шығындарға әкеп соғуы мүмкін.
  • Жаңа жыл түні шаш қиып, тырнақ алмаған дұрыс. Үсті-басыңызды қараңғы түспей ретке келтіріп, сәнденіп алыңыз.
  • Киіміңіздің түймесі үзілсе, ине мен жіп алып, қадауға асықпаңыз. Әйтпесе, осы жылдың проблемалары сізбен бірге жаңа жылға да «еріп барады».
  • Мерекелік дастарқанға ескі киіммен емес, тек жаңа киіммен отыруға кеңес береміз.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық маман 2020 жыл қандай болатынын айтты

  • Жаңа жылды тек қыз-келіншектермен қарсы алу жаман ырым саналады.
  • 2020 жылы жақындарыңызға тірі мысық немесе мысық бейнеленген картиналар, мүсіндер мен жұмсақ ойыншықтар беруге болмайды. Себебі бұл сүйкімді үй жануары – тышқанның қас дұшпаны.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз