31 тамызда қандай іс-шаралар өтеді
Sputnik Қазақстан 31 тамыздағы маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ 1-4 қыркүйек аралығында не жоспарланғанын біле аласыздар
АЛМАТЫ
16.00 – «АҚША ҚАЙДА?» тақырыбында инвестиция және пассивті кіріс форумы өтеді. Altergate инвестициялық холдингінің негізін қалаушы Евгений Галиахметов, қаржыгер, кәсіпкер және инвестор Кирилл Гусев және тағы басқа беделді кәсіпкерлер, инвесторлар қатысады (Rixos қонақ үйі, Сейфуллин даңғылы, 506).
1 қыркүйекке жоспарланған шаралар
Қазақстан мектептерінде Білім күніне орай мерекелік жиын өтеді.
2 қыркүйекке жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
11.00 – ҚР парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Онда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау арнайды (Мәңгілік ел даңғылы 2, байланыс телефоны +7 (7172) 74 68 44).
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды.
4 қыркүйекке жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
09.00 – II халықаралық мамандандырылған «Дентал ЭКСПО Астана 2019» көрмесі өтеді («Көрме» орталығы, Достық көшесі 3, байланыс телефондары +7 (705) 155 32 63).
16.00 – «1939 жыл. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы» атты тарихи құжат көрмесі салтанатты түрде ашылады. Шараны Қазақстандағы Ресей Федерациясының елшілігі, Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы ұйымдастырады. Көрмеде сұрапыл соғыс туралы құнды тарихи құжаттар қойылады (ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи музейі, Республика даңғылы 2, Аккредитация rfekz@mid.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі).
АЛМАТЫ
10.30 – Халықаралық қазақстандық құрылыс және интерьер көрмесі өтеді («Атакент» орталығы, Тимирязев көшесі, 42).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.
sputniknews.kz