«31 арнаға» басшы болып Бродский келді
Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы арналарының бірі «31 арна» Юрий Бродскийдің Бас директор қызметіне тағайындалғанын хабарлайды.
Бұған дейін Юрий Бродский RTVI телеарнасының жаңалыққа жатпайтын хабарлар тарататын дирекциясының директоры қызметін атқарды. Оның алдында СТС арнасының праймдық хабар тарату дирекциясын басқарды және 31 арнаның бас продюсері болып қызмет еткен.
«Соңғы жылдарда 31 арнада Қазақстанға сапалы контент тарататын жоғары білікті мамандар қалыптасқан. Жаңа Бас директордың алдында төл өнімдерді жалғастыру, сапасын арттыру және жаңа деңгейге көтеру міндеті тұр. Біз телевизияны дамытуға бағытталған заманауи ғаламдық трендтерді жіті бақылап отырмыз. Сол себепті де Юрий «31 арна» ұжымының ауызбірлігін одан әрі нығайтып, оның кәсіби деңгейін байытады әрі көтереді деген сенімдемін», — дейді «Верный капитал» компаниялар тобының директоры және «31 арнаның» Бақылаушылар кеңесінің мүшесі Ерлан Оспанов.
«Юрийдің командамызға қайтып оралғанына қуаныштымын. Оның телевизия саласында көпжылдық тәжірибесі бар. Ол тамаша ұйымдастырушы және бірнеше табысты жобалардың продюсері. Юрийдің телевизиялық өнім өндіру саласындағы тәжірибесі мен сараптама жасау қабілеті активтерімізді одан әрі дамытып, Қазақстанның телевизия нарығында көш басына шығуымызға септігін тигізеді деп білемін, — деп өз ойын білдірді «СТС ХОЛДИНГ» АҚБ Бақылаушылар Кеңесінің мүшесі Алексей Соловейник.
Юрийдің Бас директор қызметіндегі басты міндеті — арнаның стратегиясын ары қарай жалғастыру, соның ішінде «31 арнаның» аудиториялық көрсеткіші мен нарықтағы үлесін арттыру, арнаның төл өнімдерінің санын көбейту, бизнестің тиімділігін көтеру.
Юрий Бродский «31 арнаның» Бас директоры: «Өмірімде үлкен орын алатын арнаға қайта оралғаныма қуаныштымын. Жай келмей, жаңа қызмет үшін келу мен үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Қазақстан телевизиясының көшін бастауға 31 арнаның мүмкіндігі мол. Ең бастысы, арнаға сенген, оны сезіне білетін, одан жаңа жобалар мен ерекше тартулар күтетін бір қауым көрермені бар».
Юрий Бродский 1974 жылы 17 тамызда Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Ш.Есенов атындағы ҚазМУ-ды бітірген. Tel-Aviv University-нің өнер факультетінде кино және телевидение мамандығы бойынша білім алған. Бүгінге дейін Юрий Бродский RTVI телеарнасының жаңалыққа жатпайтын хабарлар тарататын дирекциясының директоры қызметін атқарып, стратегиялық жоспарлау, хабар тарату кестесін басқару, бағдарламалық құқықтар сатып алу, эфир маркетингі, ресейлік және америкалық филиалдарда жаңалықтарға жатпайтын форматтарды өндіру және жасақтау жұмыстарымен айналысты. Сондай-ақ, мультиплатформалық телеформаттар мен ТВ-диджиталдың жалпы инфокеңістігін жасады. 2015-2016 жылдары СТС арнасының праймдық хабар тарату дирекциясының директоры қызметін атқарды және праймға арналған телехикая, кино, шоулар жасау жұмыстарына басшылық етті. «Взвешенные Люди» (2016 жылғы ТЭФИ иегері), «Как я стал русским», «Крыша Мира», «Воронины», «Восьмидесятые», «Беглые родственники» жобаларының продюсері. 2013-2015 жылдары 31 арнаның бас продюсері қызметін атқарып, арнаның төл өнімдеріне жетекшілік жасады. Оның жетекшілігімен дүниеге келген табысты жобалардың бірі арықтауға арналған «Дом Весы» бағдарламасы Қазақстандағы ең ірі телешоу атанды. Бас жүлдеге таласқан тартысты шоудың 42 эпизоды телеарнаға бұрынғы тәуліктік көрсеткіштен екі есе жоғары аудиториялық үлес сыйлады. Юрий телевизия саласында 2001 жылдан бері жұмыс істеп келеді.