30 жыл бойы Парижде тұрып жатқан қазақтар Наурызды атап өтті — Қазақстан жаңалықтары

0

Ұлыстың ұлы күнін әлемдегі түркі тектес халықтардың басым бөлігі атап өтеді. Тіпті, шетелде біраз жыл бойы тұрып жатса да ұлттық мейрамды дәстүрге сай  атап өтетін адамдар да бар. Солардың бірі Парижде 30 жыл бойы тұрып жатқан қазақ отбасы. 30 жыл бойы Францияда өмір сүріп жатқан Париж қазақтары Наурызды біздікінен жаман қарсы алған жоқ. Оны «Хабар» телеарнасының тілшілері өз көздерімен көріп қайтты, деп жазады Stan.kz.

30 жыл бойы Парижде тұрып жатқан қазақтар Наурызды атап өтті

Франциядағы қазақ диаспорасының ең беделді өкілдерінің бірі Абдулсамат Алтайдың үйіне қарасаң, оны Қазақстанға арналған мұражай деп ойлап қаласың. Оның үйінің қабырғасында еліміздің жалаушасы,  қасиетті домбыра мен кәдесыйлар орын тапқан. Үй иесі тіпті, қонақтарға қазақтың ұлттық киімін де киюді ұсынады.

30 жыл бойы Парижде тұрып жатқан қазақтар Наурызды атап өтті

Бөтен елде тұрса да Наурыз мейрамын дәстүрге сай атап өтіп отырған Абдулсамат Алтай негізінде Пәкістанда дүниеге келіп, Түркияда өскен. Ал 30 жыл бұрын Францияға тұрақтаныпты. Бірақ, ол өз Отанын Қазақстан деп есептейді. Ал мейрамға орай жайылған отбасының дастарханына Парижден табу қиын өнімдер қойылыпты. Оларды Алматыдан туыстары ұшақпен алып келген екен.

30 жыл бойы Парижде тұрып жатқан қазақтар Наурызды атап өтті

Дастарханға кез-келген ет өтімдері секілді Францияға әкелуге  тыйым салынған бесбармақтың негізгі ингредиенттерінің бірі қазы да қойылған. 

30 жыл бойы Парижде тұрып жатқан қазақтар Наурызды атап өтті

Отанымыздан тыс қайта туылған Наурыз жалпы мерекеге айналды. Абдулсамат атай Париждің төрінде Франция, Түркия және Қазақстан азаматтарын бір үстелге жинады. Париждегі ең үлкен қазақ диаспорасы — бұл Түркиядан көшіп келген 300 отбасы. Олар Наурыз мейрамын үй жағдайында қарсы алады. Ал көктемнің келгеніне орай мерекеленетін ұлттық ойын-сауық дәстүрлі түрде сәуірдің басында француз астанасының орталығында өтеді.

stan.kz