«30 жерден пышақтаған»: Ақтөбеде дүкеншіні жауыздықпен өлтірген нашақорларға сот үкімі шықты — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақтөбеде дүкеншіні отыз жерден пышақтан жауыздықпен өлтірген нашақорларға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап. 

сот

Екі жігіт жеті ай бұрын Бадамша ауылындағы дүкенге шабуыл жасаған. Дүкенші Феруза Пірманованы отыз жерден пышақтап, жауыздықпен өлтірген. Марқұмның алтындарын шешіп алып, кассадағы 150 мың теңгені алып кеткен.

Сот жасаған қылмыстарының ауырлығына орай Марат Жүсіповті 20 жылға, ал Александр Каневті 16 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, олар түзету мекемесінде нашақорлық пен маскүнемдіктен мәжбүрлі емделетін болады.

Бірақ марқұм болған Феруза Пірманованың жақындарының үкімге көңілі толмай отыр. 

«Негізі өмір бойыға жіберу керек еді. Ең строгий наказание сол болар еді. Басқа айтарым жоқ», — деді марқұмның жары Тілектес Пірманов.

Айта кетейік, сотталушылар марқұмның отбасына 9 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеуі тиіс.

stan.kz