30 жастағы елордалық «Эскобар» түрмеден бір-ақ шықты – Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтанда өзін «Эскобармын» деп таныстырып, тәртіп сақшысына бағынудан бас тартқан елорда тұрғынының үстіне бірден екі қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

ер адам

Ер азамат екі айға қамауға алыныпты. Полицейлер оны ел алдында кешірім сұратқызыпты. Десек те оның өз кінәсін мойндауы тағайындалған жазаны еш жеңілдетпеген көрінеді. 

«Қылмыстық кодекстің «Билік өкілін балағаттағаны үшін» және «Билік өкіліне бағынбағаны үшін» баптары бойынша азаматқа жаза тағайындалды. 22 сәуір күні тергеу сотының шешімімен 199- жылғы Омаров Әмірхан Нұржанұлы екі айға түрмеге жабылды», – делінген ресми хабарламада. 

Егер оның кінәсі толығымен дәлеледенетін болса, ер азаматқа 5 миллион 556 мың теңге көлемінде айыппұл немесе екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Еске салайық, 21 сәуір күні 30 жастағы азамат карантиндік аймаққа өтіп кетпекші болған. Ол құжаттарын көрсетуден бас тартып, полиция қызметкерін балағаттай жөнелген. Өз сөзінде, елорда тұрғыны «Мен кім екенімді білесің бе? Мен Нұр-Сұлтанның Пабло Эскобарымын» деп айтыпты. Енді елордалық «Эскобар» екі айын түрмеде өткізетін болды. 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз