30 тамызда қандай іс-шаралар өтеді

0

Sputnik Қазақстан 30 тамыздағы маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ 31 тамыз бен 4 қыркүйек аралығына не жоспарланғанын біле аласыздар

30 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

13.00 — Шахмат пен джаз фестивалі. Джаз жұлдызы Нино Катамадзе мен ZOLOTO өнер көрсетеді. Дәрістер, паблик-толк, гастрономиялық жобалар, шахмат турнирі болады. Гроссмейстер Жансая Әбдумәлік қатысады (Esentai Square, әл-Фараби даңғылы, 77/8)

18.00 — Happy End Хип-хоп-фестивалі өтеді. Хэдлайнерлер – ресейлік Pharaoh, Хаски және ATL музыканттары. Қазақстандық Hiro, Tolebi және «Масло черного тмина» әншілер мен топтар да болады. (Орталық мәдениет және демалыс саябағы, Горький көшесі, 1).

20.00 — «Горное Эхо» авторлық ән фестивалі («ТАУ-САМАЛ», Горный садовод елді мекені. Байланыс телефондары: +7 (727) 373 56 94, +7 701 725 87 00, +7 747 725 87 00).

21.00 — Музей түні (Қастеев атындағы музей, Сатпаев көшесі, 50а).

31 тамызға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

16.00 – «АҚША ҚАЙДА?» тақырыбында инвестиция және пассивті кіріс форумы өтеді. Altergate инвестициялық холдингінің негізін қалаушы Евгений Галиахметов, қаржыгер, кәсіпкер және инвестор Кирилл Гусев және тағы басқа беделді кәсіпкерлер, инвесторлар қатысады (Rixos қонақ үйі, Сейфуллин даңғылы, 506).

1 қыркүйекке жоспарланған шаралар

Қазақстан мектептерінде Білім күніне орай мерекелік жиын өтеді.

2 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – ҚР парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Онда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау арнайды (Мәңгілік ел даңғылы 2, байланыс телефоны +7 (7172) 74 68 44).

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды.

4 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – II халықаралық мамандандырылған «Дентал ЭКСПО Астана 2019» көрмесі өтеді («Көрме» орталығы, Достық көшесі 3, байланыс телефондары +7 (705) 155 32 63).

16.00 – «1939 жыл. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы» атты тарихи құжат көрмесі салтанатты түрде ашылады. Шараны Қазақстандағы Ресей Федерациясының елшілігі, Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы ұйымдастырады. Көрмеде сұрапыл соғыс туралы құнды тарихи құжаттар қойылады (ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи музейі, Республика даңғылы 2, Аккредитация rfekz@mid.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

АЛМАТЫ

10.30 – Халықаралық қазақстандық құрылыс және интерьер көрмесі өтеді («Атакент» орталығы, Тимирязев көшесі, 42).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz