30 шілде: іс-шаралар тізімі — Нұр-Сұлтан, Алматы

0

Sputnik Қазақстан 30 шілдеде өтетін шаралар тізімін ұсынады. Сондай-ақ 31 және 1 тамызға не жоспарланғанын біле аласыз 

30 шілдеге жоспарланған іс-шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде – мал шаруашылығын дамыту және «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру мәселелері. (Үкімет үйі, Аккредитация + (7172) 74 58 64 телефоны немесе press.kpm@mail.ru электронды поштасы арқылы жасалады).

9.30 – ТМД аймағында халяль-индустрияны дамытуға арналған кеңес. Аталған шарада халяль-стандартизация, азық-түлік және тамақ қауіпсіздігі талқыланады. (Мәңгілік Ел, 55/21, блок С3.2, «Лондон» залы. Аккредитацияны +7 (7172) 64 40 85 мен +7 701 575 1055 телефондары арқылы жасауға болады).

11.00 – Нұр-Сұлтан қалалық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының үш жылдығына арналған мерекелік шара. Шара мүгедек балалар және осы санаттағы үлкен кісілер үшін ұйымдастырылады. («Казақстан» орталық коцерт залы, Мәңгілік Ел, 10/1. Байланыс телефоны: +7 701 338 28 88).

15.00 – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелеріне арналған пресс-тур. Спикерлер: Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының жетекшісі Әлия Рүстемова, № 9 емхананың бас дәрігері Сәуле Смағұлова, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша директоры Нұрлыбек Қабдықапаров (№ 9 қалалық емхана, Мәңгілік Ел даңғылы, 16/1. Аккредитация +7 (7172) 55 67 14 телефоны немесе 7782597@inbox.ru электронды поштасы арқылы жасалады).

16.00 – Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен заң жобалау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы. Комиссия мүшелері еңбек, визуалды ақпарат, әскерилердің мәртебесі мен мүгедектердің өмір сапасын арттыру мәселелеріне арналған бірқатар заң жобасын қарайды.  (Министрліктер үйі, 13 подъезд, 10 қабат, кабинет № 1056. Аккредитацияны pressgov@mail.ru электронды поштасына жіберуге болады).

31 шілдеге жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 –»Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы әйелдердің рөлі» тақырыбына арналған «дөңгелек үстел». Оған Қазақстанның іскер әйелдері қатысады. (Мәңгілік Ел, 55/21, блок С3.2, «Лондон» залы. Аккредитацияны +7 (7172) 64 40 85 және +7 701 575 1055 телефондары арқылы жасауға болады).

18.00 — «Шағын және орта бизнеске салық салу: жеңілдіктер, айыппұлдар мен қауіп-қатерлер» тақырыбында ашық семинар өтеді (Astana Business Campus, Назарбаев университет, Қабанбай батыр даңғылы, 53).

20.00 – Еуропа лигасы аясындағы іріктеу матчы — «Астана» – «Санта Колома» (Андорра). (Аккредитация +7 701 379 16 36 немесе esterenko@fcastana.kz электронды поштасы арқылы жасалады).

1 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – «Адамдарды басқару» тренингі. Ұйымдастырушысы — «Самұрық-Қазына» корпоративті университеті. («Q2» бизнес орталығы, Қабанбай батыр даңғылы, 15/1. Байланыс телефоны: + 7 (7172) 79 95 99).

АЛМАТЫ

18.00 — Sabyrzhanayrin Fest. Оған танымал қазақстандық орындаушылар келеді. Олардың ішінде Қайрат Нұртас, Райм мен Артур, Darkhan Juzz, Ирина Кайратқызының шоуы, Ерболат Құдайберген, Салтанат Құдайберген, Flame Stars бишілері және тағы басқалар бар. (Sunkar трамплин кешені маңайында, Әл-Фараби даңғылы, 128/8).

Жоспарланып отырған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz